Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұлы жеңіс мәңгі жүрегімізде» облыстық қашықтық эссе байқауын өткізу туралы

ШҚО білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұлы жеңіс мәңгі жүрегімізде» облыстық қашықтық эссе байқауын өткізетіндігін хабарлайды.

Қалалық, аудандық білім бөлімдері басшыларының және дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп директорларының қолы қойылған байқауға қатысу туралы өтінім мен байқау жұмыстары 2025 жылдың 10 наурызы мен 01 сәуірі аралығында konkurs.vko@mail.ru электронды поштасына қабылданады.