Робототехника бойынша «First Robotics Almaty Tech Cup 2025, Central Asia FIRST Championship & Drone Racing» республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытындысы

2025 жылғы 20-23 ақпанында Алматы қаласында өткен Шығыс Қазақстан облысының оқушылары робототехника бойынша 1-11 (12) сынып оқушыларына арналған «First Robotics Almaty Tech Cup 2025, Central Asia FIRST Championship & Drone Racing» Республикалық ғылыми жобалар конкурсына қатысты.

Конкурстың финалына Азияның 12 елінен 2800-ден астам оқушы қатысты. Шығыс Қазақстан облысының атынан 28 оқушы қатысты.

Республикалық конкурстың қорытындысы бойынша Алтай қаласының «№ 7 орта мектебі» КММ 11 сынып оқушылары Черных Тимур және Потанин Роман Алматы қаласындағы Turan University және Energo University жоғары оқу орындарында оқуға грантқа ие болды. Сондай-ақ, Алтай қаласының «№ 7 орта мектебі» КММ командасы «бағдарламаланатын дрондар» санаты бойынша III орынды иеленіп, «Innovation Award» номинациясына ие болды.

Самар ауданының командасы «Rising All-Star» номинациясымен марапатталып, «FLL Explore» санатында Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің командасы «Collaboration award» номинациясын жеңіп алды.

Балаларымызды, олардың ұстаздарын және ата-аналарын жеңістерімен құттықтаймыз!