Мини-футболдан «SPECIAL OLYMPICS» қозғалысының облыстық турнирінің қорытындысы

2025 жылдың 26 ақпан күні Өскемен қаласында Өскемен технология және сервис колледжінің базасында мини-футболдан «SPECIAL OLYMPICS» қозғалысының облыстық турнирі өтті.

Турнирдің мақсаты — арнайы Олимпиадалық қозғалысты насихаттау; зияткерлік мүмкіндіктері шектеулі жаңа спортшыларды спортпен шұғылдануға тарту, оларды әлеуметтендіру және қоғамға ықпалдастыру болып табылады.

Жарысқа медициналық-әлеуметтік мекемелердің (МӘМ) және арнайы мектептердің командалары қатысты.

Қатысушылардың жасы: 16-21 жас.

Турнир Special Olympics Inc. спорт ережелеріне сәйкес өткізілді.

Жарыстың жалпыкомандалық қорытындысы бойынша келесі командалар жеңіс тұғырынан көрінді:

І орын – Өскемен қаласы, «Жасөспірімдер үйі» КММ-нің командасы;

ІІ орын – Алтай ауданы, «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығы» КММ-нің командасы;

ІІ орын – Өскемен қаласы, «№8 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің командасы;

ІІІ орын – Өскемен қаласы, «Арнайы мектеп» КММ-нің командасы;

ІІІ орын – Алтай ауданы, «№1 Арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің командасы.

І, ІІ, ІІІ орын алған командалар естелік кубоктармен және дипломдармен, ойыншылар тиісті дәрежедегі медальдармен марапатталды.

Спортшыларымызды жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта табыстар мен жеңістер тілейміз!