2025 жылғы 26 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы жалпы білім беретін мектептердің 6-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Ясауитану» білім байқауының облыстық кезеңін өткізді.
Байқауға аудандық, қалалық іріктеу кезеңдерде жүлдегер болған 21 оқушы қатысты.
Байқаудың қорытындысы бойынша 11 оқушы жүлдегер атанды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен марапатталып, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
2025 жылғы сәуір айында өтетін байқаудың республикалық кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының намысын облыстық кезеңнің 3 жеңімпазы қорғайтын болады.
Барлық қатысушыларға сәттілік пен жаңа табыс тілейміз!