Әскери-патриоттық бағытты дамыту зертханасы

Зертхана келесі тапсырмалар мен функцияларды орындайды:

1) ШҚО оқушыларында балалар мен жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, қазақстандық патриотизм саласында анықтау, дамыту және қолдау жүйесін (шарттарын, әдістемесін әзірлеу) құру, олардың қабілеттерін іске асыру, жаппай патриоттық жұмысты насихаттау;

2) әскери-патриоттық бағыт саласында дарынды балалар мен жастардың деректер банкін құру;

3) жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен техникалық және кәсіптік білім алушылардың конкурстарын, байқауларын, слеттерін, жарыстарын, чемпионаттарын, семинарларын, оқу-жаттығу жиындарын және басқа да іс-шараларын, сондай-ақ әскери-патриоттық бағыт бойынша басқа да іс-шараларды өткізу жөніндегі ұйымдастыру қызметі;

4) ШҚО құрама командаларын жасақтау және дайындау, облыс оқушыларының әскери-патриоттық бағыт бойынша республикалық және халықаралық іс-шараларға қатысуын ұйымдастыру;

5) Өз құзыреті шегінде білім беру мекемелерінің педагогтері мен мамандарына және білім басқармасының ведомстволық бағынысты мекемелеріне іс-шараларды өткізу кезінде, сондай-ақ әскери-патриоттық бағыт бойынша қосымша білім беруді дамыту бойынша әдістемелік, шығармашылық, практикалық көмек көрсету;

6) әскери-патриоттық бағытты дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік және мүдделі ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық;

7) жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу, жас ұрпақты әскерде, құқық қорғау органдарында және арнаулы қызметтерде қызмет етуге әскери-спорттық даярлау.

Зертхана меңгерушісі — Аухатов Қуаныш Сағынжанұлы
Мекен-жайы: Абай даңғылы 21, 1 қабат.