Зертхана келесі тапсырмалар мен функцияларды орындайды:
1) дарынды оқушылармен олардың қабілеттерін ескере отырып, жеке, кешенді жұмыс жүйесін құру, дарынды және оқуға ынталы балаларға олардың әрқайсысына барынша жеке нәтижелерге қол жеткізу үшін қосымша мүмкіндіктер беру;
2) дарынды балалардың ерекшеліктерін, мүдделері мен қажеттіліктерін, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін және ұлттық-мәдени дәстүрлерді ескере отырып, өз қызметінің бағдарламасын әзірлейді;
3) ғылыми мектептерді, бейіндік курстарды, өңірлік олимпиадаларды, түрлі бағыттар бойынша конкурстарды өткізуге практикалық көмек көрсетеді;
4) денсаулық сақтау, коммуникативтік-тілдік, танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту бойынша қызметтер көрсетеді;
5) балаларды тәрбиелеу, сауықтыру және олардың бос уақытын өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыруда педагогтерді, нұсқаушыларды практикалық әдістемелік көмек және даярлауды көрсетеді;
6) балалардың жағдайын ескере отырып, сауықтыру және оқу-тәрбие процесін жүзеге асырады, аурулардың алдын алу, денсаулықты нығайту, дене бітімін жетілдіру, салауатты өмір салтын ынталандыру жөніндегі шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;
7) ерекше қажеттіліктері бар балалары бар отбасыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бойынша жұмыс жүргізеді, қоршаған әлемге табысты бейімделу және оқу қызметінің алғышарттарын қалыптастыру мақсатында олардың дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
Зертхана меңгерушісі — Шамшикенова Сәуле Ермажықызы
Мекен-жайы: Абай даңғылы 21, 3 қабат, 302 каб.
Байланыс телефоны: 8/7232/75-42-12