Зертхана келесі тапсырмалар мен функцияларды орындайды:
1) дарынды балалармен жұмыс істеу бойынша Инновациялық педагогикалық тәжірибені тарату және оны пайдалану жөніндегі әдістемелерді әзірлеу;
2) оқушылардың конкурстарын, көрмелерін, олимпиадаларын, слеттерін, жарыстарын өткізу жөніндегі ережелерді, қағидаларды әзірлеу;
3) дарынды балалармен жұмыс саласындағы инновациялық процестер бойынша ғылыми-әдістемелік ұсынымдар, құралдар әзірлеу;
4) «Алтын резерв» дарынды балалардың деректер банкін құру;
5) халықаралық ғылыми, бейіндік мектептерде, ғылыми-практикалық конференцияларда, семинарларда, форумдарда, конкурстарда, фестивальдарда дарынды балалармен жұмыс істеу бойынша жинақталған тәжірибемен алмасу;
6) оқушыларды әртүрлі деңгейдегі олимпиадаларға дайындау бойынша бюджеттік және ақылы негізде Қазақстан Республикасы мен шетелдің жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдарының қатысуымен онлайн дәрістер, шеберлік сыныптары, семинарлар әзірлеу және өткізу;
7) ШҚО дарынды оқушыларының жетістіктері – республикалық және халықаралық олимпиадалар мен жарыстардың жүлдегерлері туралы ақпаратты дайындау («Шығыстың жас дарындары»кітабын шығаруға арналған материалдар);
8) дарынды балалармен жұмыс бойынша әдістемелік құралдар әзірлеу бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету;
9) облыстық зияткерлік конкурстардың, көрмелердің, олимпиадалардың, слеттердің, оқушылар жарыстарының қазылар алқасының мүшелері-педагогтермен жұмыс.
Зертхана меңгерушісі — Жұмаева Эльвира Мәулетқазықызы
Мекен-жайы: Абай даңғылы 21, 3 қабат, 304 каб.
Байланыс телефоны: 8/7232/75-21-41