Зертхана келесі тапсырмалар мен функцияларды орындайды:
1) Түрлі деңгейдегі олимпиадаларды, зияткерлік жарыстар мен конкурстарды өткізу процесінде зияткерлік дарынды балаларды анықтау, іріктеу және дамыту әдістемесін әзірлеу;
2) зияткерлік дарынды балаларды анықтау, іріктеу және дамыту бойынша әдістемелік көмек көрсету;
3) Облыстың зияткерлік дарынды балаларының деректер банкін құру;
4) ауылдық жерлердегі оқушылар үшін «әлеуметтік лифтілер» жүйесін құру.
5) облыс оқушыларының қабілеттері мен кәсіби бағдарларын диагностикалауға тең қол жеткізу жүйесін құру;
6) зияткерлік жарыстарды өткізу бойынша нормативтік-құқықтық құжаттаманы әзірлеу;
7) дарынды оқушыларды зияткерлік олимпиадалар мен зерттеу жобаларына дайындау бойынша ғылыми мектептерді, оқу-жаттығу жиындарын, бейіндік ауысымдарды, жазғы академияны ұйымдастыру және өткізу;
8) аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлеріне және дарынды балалармен жұмыс жөніндегі педагогтерге консультациялық және әдістемелік көмек көрсету;
9) зияткерлік конкурстар мен зерттеу жобалары конкурсына дайындалу бойынша оқушыларға консультациялық және әдістемелік көмек көрсету;
10) облыс оқушылары командасының республикалық, халықаралық зияткерлік олимпиадаларға, турнирлерге, ғылыми конкурстарға және т. б. қатысуын ұйымдастыру.;
11).оқушылардың қабілеттері мен кәсіби бағдарын бағалау бойынша психологиялық диагностика (тестілеу) жүргізу.
Зертхана меңгерушісі — Есімханова Гүлден Бекқазықызы
Мекен-жайы: Абай даңғылы 21, 3 қабат, 301 каб.
Байланыс телефоны: 8/7232/70-02-44