Зертхана келесі тапсырмалар мен функцияларды орындайды:
1) дене шынықтыру және спорт саласындағы дарынды балалар мен жастарды анықтау, дамыту және қолдау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, Шығыс Қазақстан облысының оқушыларында қазақстандық патриотизм жүйесін (шарттарын, әдістемесін әзірлеу) құру, олардың қабілеттерін іске асыру, бұқаралық дене шынықтыру мен спортты насихаттау;
2) дене шынықтыру және спорт саласында дарынды балалар мен жастардың деректер банкін құру;
3) жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен техникалық және кәсіптік білім алушылардың конкурстарын, байқауларын, слеттерін, жарыстарын, чемпионаттарын, семинарларын, оқу-жаттығу жиындарын және басқа да іс-шараларын, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт жөніндегі басқа да іс-шараларды өткізу жөніндегі ұйымдастыру қызметі;
4) Өз құзыреті шегінде білім беру мекемелерінің педагогтері мен мамандарына және білім басқармасының ведомстволық бағынысты мекемелеріне іс-шараларды өткізу кезінде, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт бойынша қосымша білім беруді дамыту бойынша әдістемелік, шығармашылық, практикалық көмек көрсету;
5) спортты дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік және мүдделі ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық.
6) ШҚО құрама командаларын жасақтау және дайындау, облыс оқушыларының дене шынықтыру және спорт жөніндегі республикалық және халықаралық іс-шараларға қатысуын ұйымдастыру.
Зертхана меңгерушісі — Сағатов Қуаныш Жайлаубекұлы
Мекен-жайы: Абай даңғылы 21, 1 қабат, 106 каб.
Байланыс телефоны: 8/7232/70-26-74