2025 жылғы 27 қазаны мен 1 қарашасы аралығында Жезқазған қаласында химия пәнінен алғаш рет Қаныш Сәтбаев атындағы халықаралық олимпиадасы өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты — дарынды балаларды анықтау және қолдау, теориялық білім мен практикалық дағдыларды тереңдету, оқушылардың химияны оқуға қызығушылығын арттыру.
Олимпиада екі кезеңі бойынша өткізілді: теориялық және практикалық.
Олимпиада қорытындысы бойынша Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің оқушылары Айнабеков Денис (9 сынып), Қыдырмоллаұлы Нұрмұхаммед (10 сынып) III дәрежелі дипломдармен және қола медальдармен марапатталды.
Жеңімпаздарды жетістігімен құттықтаймыз! Алда табыс пен жеңістер тілейміз!