Ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеңінің қорытындысы

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2025 жылдың 28-30 қазаны аралығында ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеңін өткізді.

Олимпиада облыстық мамандандырылған IT мектеп-лицейінің және  Тарбағатай  ауданының тірек мектебінің  базасында өтті.

Олимпиаданың мақсаты– ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарындылығы мен қабілеттерін анықтау және қолдау үшін оңтайлы жағдайлар жасау

Олимпиада жаратылыстану-математикалық бағыты (математика, физика, химия, биология, информатика, география) және қоғамдық-гуманитарлық бағыты (қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, ағылшын тілі) пәндерінен өткізілді.

Облыстық кезеңге 700-ден астам аудандық (қалалық) кезеңнің жүлдегерлері қатысты.

Олимпиаданың ашықтығы мен академиялық адалдығын сақтау мақсатында, Youtube арнасында трансляция ұйымдастырылды.

Олимпиада қорытындысы бойынша 282 қатысушы жүлдегер атанды (І орын -48, ІІ орын –96, ІІІ орын – 138 оқушы).

Олимпиада жүлдегерлері мен жеңімпаздарына дипломдар, қатысушыларына сертификаттар табысталады.

Жеңімпаздар тізімі  www.shygysdaryn.kz сайтындажарияланған.

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!

Табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!