First Robotics байқауына дайындық бойынша оқу-жаттығу жиыны

2025 жылғы 17 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласындағы «Нұрорда» мектеп-лицейі базасында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен педагогтерге арналған First Robotics байқауының оқу-жаттығу кезеңі өтті.

Оқу-жаттығу кезеңіне аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен пән мұғалімдері қатысты.

Іс-шараның мақсаты:

— Білім беру және спорттық робототехника саласындағы педагогтердің кәсіби құзыреттерін арттыру; 

— Мектеп командаларын First Robotics байқауына даярлаудың озық әдістемелерімен таныстыру; 

— Өңір мектептерінде STEM-білім беруді қолдау және дамыту.

Жаттығу кезеңі аясында робототехника бойынша шеберлік сағаттары мен практикалық сабақтар өткізіліп, қатысушылардың қолданбалы дағдыларын қалыптастыру және тәжірибе алмасу қамтамасыз етілді.

Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.