Оқушылар арасындағы республикалық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңінің қорытындысы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы
2025 жылғы 4 қазан күні Өскемен қаласында №50 жалпы білім беретін мектебі базасында Республика күніне арналған оқушылар арасындағы республикалық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңін өткізді.

Турнирге облыстың жалпы орта және облыстық білім беру мекемелерінен жалпы саны 90 оқушы қатысты.

Турнир «қазақ лигасы», «орыс лигасы» және «ағылшын лигасы» санаттары бойынша өткізілді.

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды:

Қазақ лигасы бойынша:

І орын – Өскемен қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, «Өркен» командасы;

ІІ орын – Өскемен қаласы,Ш. Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі, «Шоқан 03» командасы;

ІІІ орын – Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты, «Adilet А» командасы.

Орыс лигасы бойынша:

І орын – Алтай ауданы, Алтай қаласының мектеп-лицейі, «Адал ұрпақ» командасы;

ІІ орын – Облыстық мамандандырылған ІТ-мектеп-лицейі, «Новое поколение» командасы;

ІІІ орын – Зайсан ауданы, М.В. Ломоносов атындағы орта мектебі, «Тұлға» командасы.

Ағылшын лигасы бойынша:

І орын – Өскемен қаласы,Ш. Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі, «Quick Minds» командасы;

ІІ орын – Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі, «The blessed» командасы;

ІІІ орын – Алтай ауданы, Алтай қаласының мектеп-лицейі, «Адал ұрпақ» командасы.

Турнирде үздік қатысушылар қосымша «Үздік спикер», «Үздік оратор», «Дебаттық креатив», «Ең сенімді ойыншы», «Ең білімді ойыншы», «Ең тапқыр ойыншы», «Ең мақсаты айқын ойыншы» номинациялары бойынша дипломдармен марапатталды.

Жүлдегерлерге дипломдар табысталып, барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.

Облыстық кезеңнің жеңімпаздары турнирдің республикалық кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының атынан қатысады.

Дарынды жеңімпаздарымыз бен жүлдегерлерімізді құттықтаймыз!