Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2025 жылғы 15 қазанында жалпы білім беретін ұйымдардың 8-10 сыныптарындағы шығармашыл оқушылары арасында «Ақберен» республикалық өнер байқауының облыстық кезеңі өткізілетіндігін хабарлайды.
Байқауға қатысу туралы білім бөлімдерінің басшыларының қолы қойылған өтінімдер 2025 жылдың 8 қазанына дейін konkurs.vko@mail.ru электронды поштасына қабылданады.
Байқаудың нақты өткізілу мерзімі және орны қосымша хабарланады.
Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефоны: 87055111997.