Ауыл мектептерінің 9-11  сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін  пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының (III) облыстық кезеңін өткізу ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы Ереже

    1. Ауыл мектептерінің 9-1 (12) сынып оқушылары үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша респубдикалық олимпиаданы (бұдан әрі – Олимпиада) ұйымдастыру және өткізу жөніндегі осы ереже Олимпиаданың мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастырушылық — әдістемелік қамтамасыз етуің, өткізу және қаржыландыру тәртібін, Олимпиадаға қатысуды және жеңімпаздарды анықтайды.

    2. Олимпиада ауылдық жерлердегі мектептерде талантты жастарды анықтау және қолдау бойынша қолайлы жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің тапсырмасы шеңберінде өткізіледі.

    3. Олимпиадаға ауылдық жерлерінде орналасқан мектептерде соңғы екі оқу жылында білім алып жүрген 9-11 (12) сынып оқушылары қатысады.

    4. Қатысушылар бірнеше жыл қатарынан олимпиадаға қатысуға құқылы.

    5..Олимпиаданы Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы мен Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан  ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі – «Дарын» ШҚ ДпҚББДҒӘО) ұйымдастырады.

    2. Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері

    Олимпиаданың мақсаты — ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарындылығы мен қабілеттерін анықтау және қолдау үшін оңтайлы жағдайлар жасау, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу, олардың одан әрі зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануы;

    Олимпиаданың міндеттері:

    — ауылдық мектептері оқушыларының теориялық білімі мен практикалық дағдыларың тереңдету;

    — ауылдық білім беру ұйымдарындағы дарынды балаларды анықтау үшін жағдайлар жасау;

    3. Олимпиаданы өткізуді ұйымдастыру

    Олимпиадаға дайындық жүргізіп, өткізу бойынша ұйымдастыру жұмыстарын үйлестіру, жүзеге асыру үшін облыстық ұйымдастыру комитеті құрылады, ұйымдастыру комитеті:

    — барлық кезеңде Олимпиаданың жалпы өткізілу тәртібін анықтайды;

    — Олимпиадаға тікелей басшылық жасайды;

    — барлық кезеңде Олимпиаданың жалпы өткізілу тәртібін анықтайды;

    — Олимпиаданың нәтижесін талдап, қорытындылайды;

    — барлық пән бойынша қазылар алқасы мүшелерінің құрамы мен санын; қоғамдық бақылау және үйлестіру кеңесінің құрамын белгілейді;

    — Олимпиада материалдарын жариялайды.

    2. Олимпиаданың қазылар алқасының құрамына жоғары оқу орындарының оқытушылары, әдіскерлер, жоғары біліктілік санаты бар педагогтер, аталған Олимпиадаға олардың оқушылары қатыспайтын жағдайларда, сондай-ақ республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері енгізілуі мүмкін. Қатысушылар санына байланысты қазылар алқасының құрамы тақ саннан (кемінде 3 адамнан) тұрады.

    Олимпиаданың қазылар алқасы:

    -..Олимпиада тапсырмаларын тексереді, теориялық және практикалық айналымдардың объективтілігі мен тексерілу сапасына жауап береді;

    — оқушылардың жұмыстарындағы даулы жағдайларды талдайды, қажет болған жағдайда тиісті түзетулер енгізеді;

    -.жеңімпаздарды анықтайды және жүлделі орындар беру үшін ұйымдастыру комитетіне ұсыныстар береді;

    -. Олимпиада қорытындысы бойынша ұйымдастыру комитетіне есеп береді.

    4. Олимпиаданы ұйымдастыру мен өткізу тәртібі

    1. Олимпиада 9-11 сынып оқушылары арасында әр жалпы білім беретін пән бойынша тиісті білім басқармасы органдарымен оқу жылы көлемінде төрт кезеңде өткізіледі:

    — жаратылыстану-математикалық бағыты: математика, физика, химия, биология, география, информатика,

    — қоғамдық-гуманитарлық бағыты: қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, ағылшын тілі пәндерінен өткізіледі.

    — Олимпиада төрт кезеңде өткізіледі:

    — бірінші кезең (бастапқы, қыркүйек айы) — орта білім беру ұйымдарында «Дарын» РҒПО әзірлеген тапсырмалар бойынша өткізіледі;

    — екінші кезең (аудандық, қазан айы) — аудандық білім бөлімдері «Дарын» РҒПО әзірлеген тапсырмалар бойынша өткізеді;

    — үшінші кезең (облыстық, қараша айы) — облыстардың білім басқармалары «Дарын» РҒПО әзірлеген тапсырмалар бойынша өткізеді;

    — төртінші кезең (республикалық, желтоқсан айы) — «Дарын» РҒПО ұйымдастыру және өткізеді.

    2. Олимпиаданың барлық кезеңдерін өткізу барысында тиісті білім бөлімдері өңірлік (мектепішілік, аудандық, облыстық) ұйымдастыру комитетін құру туралы бұйрық шығарады.

    3. Олимпиаданың ұйымдастыру комитетінің функциялары:

    — Олимпиаданың дайындауға және өткізуге тікелей басшылық жасау;

    — Олимпиаданың барлық кезеңдерінде оқушыларды обьективті іріктеудің және академиялық адалдықты сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

    4. I (бастапқы) кезеңге ауылдық жерде орналасқан мамандандырылған білім беру ұйымдарынан басқа, ауылдық жердегі мектептердің 9-11 (12) сыныптарында оқитын барлық ниет білдірушілер қатысады.

    5. I кезең жалпы орта білім беру ұйымдарында аудандық білім бөлімі басшылығымен онлайн платформа арқылы өткізіледі. Олимпиадаға қатысу үшін әрбір қатысушы жеке компьютер (бұдан әрі –ЖК) арқылы  тұрақты интернет байланыс желісіне қосылған ЖК жабдықталған орындарда өтуі тиіс: 1 парта
    -1 қатысушы-1 компьютер.

    6. Кезеңнің қорытындысы бойынша «Дарын»  РҒПО нәтижелері облыстық ұйымдастыру комитетіне жолдайды.

    7. I кезеңнің қорытындысы бойынша аудан деңгейінде ең жоғары ұпай жинаған қатысушылардың ішінен әр пән мен әр сынып бойынша үздік 30 оқушы, барлығы
    90 оқушы, олимпиаданың II кезеңіне жіберіледі. I кезеңнің қорытындысы бойынша іріктелген оқушылардың тізімін олимпиаданың ұйымдастыру комитетінің ресми ресурсында жариялайды. Алайда аталған 90 оқушының ішінде ең жоғары мүмкін болатын ұпайдың 30 %-ынан төмен нәтиже көрсеткендері II кезеңге жіберілмейді.

    8. II (аудандық) кезең — аудан орталықтарында білім бөлімдері ұйымдастырады. II кезеңді өткізу үшін аудандық білім бөлімі ұйымдастыру комитетін құрады және бекітеді.

    9. Олимпиаданың II кезеңі тестілеуден тұрады. Қатысушылар тестілеуді онлайн платформада бір рет қана тапсырады. Тестілеу тұрақты интернетке қосылған
    ЖК жабдықталған аудиторияларда өткізіледі, «1парта-1 оқушы-1 компьютер»  қағидасы сақталады.

    10. Кезеңнің қорытындысы бойынша «Дарын» РҒПО нәтижелерді облыстық ұйымдастыру комитетіне жолдайды.

    11. II кезеңнің қорытындысы бойынша облыс деңгейінде ең жоғары ұпай жинаған қатысушылардың ішінен әр пән мен әр сынып бойынша үздік 20 оқушы, барлығы 60 оқушы III кезеңге жіберіледі. Алайда аталған 60 оқушының ішінде ең жоғары мүмкін болатын ұпайдың 30%-ынан төмен нәтиже көрсеткендері III кезеңге жіберілмейді.

    12. Олимпиаданың III кезеңіне өткен қатысушылардың тізімі аудандық, қалалық олимпиаданы ұйымдастыру комитеті тарапынан бекітіліп, ресми сайтта жарияланады

    13. ІІІ кезең (облыстық) «Дарын» ШҚ ДпҚББДҒӘО ұйымдастыруымен облыс орталығында өткізіледі. Облыстық кезеңді ұйымдастыру және өткізу үшін облыстық білім басқармасы ұйымдастыру комитетін құрып, бекітеді.

    14. Қатысушылар 2 турдан тұратын дәстүрлі олимпиадалық тапсырмаларды орындайды.

    15. Олимпиаданың IV республикалық кезеңіне III кезеңнің жеңімпаздары
    (әр пән және сынып бойынша екі қатысушыдан аспайтын) қатысады.

    16. Олимпиаданың өткен жылғы жеңімпаздары, биылғы олимпиаданың республикалық кезеңіне (қатысқан пәні бойынша) конкурстан тыс қатыса алады (ескерту: барлық кезеңдерге қатысу міндетті).

    17. Ауылдық олимпиаданың жеңімпаздарына Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне квотадан тыс қатысу мүмкіндігі беріледі.

    18. Оқушылардың жұмысын тексеру, бағалау, әр пән бойынша тапсырмаларды талқылау, түсіндіру, апелляциялар өткізу және Олимпиаданың қорытындысын шығару үшін ұйымдастыру комитеті қазылар алқасының құрамын бекітеді.

    19. Олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысу үшін аудандық/қалалық білім беру бөлімдері облыстық ұйымдастыру комитетіне (қағаз және электронды нұсқада) олимпиаданың ІІ кезеңінің өтуі туралы есеп пен өтінімді тапсырады.

    20. Олимпиададан кейін қатысушылардың қалауы бойынша жұмыстарды үйлестіру жүргізіледі. Үйлестірудің мақсаты — жұмыстарды бағалауда қатысушылар мен қазылар алқасының мүшелері арасында толық өзара түсіністікке қол жеткізу.

    21. Үйлестіруді қаралатын тапсырмаларды бағалаған қазылар алқасының төрағасы мен мүшелері тікелей Олимпиадаға қатысушымен өткізеді.

    22. Қатысушылардың сканерленген және аты-жөні жасырылған жұмыстар https://shygysdaryn.kz сайтында орналастырылады. Қатысушылардың шифрланған жұмыстары тексеру үшін қазылар алқасының мүшелеріне беріледі.

    23. Олимпиадаға қатысуға өтінім жеке деректерді өңдеуге құқық береді: орындалған тапсырмаларды жинауға, жүйелеуге, сақтауға, аудиожазба мен бейнетүсірілімді жүргізуге және сақтауға, қатысушылардың шифрланған жұмыстарын, олимпиада нәтижелері бар хаттамаларды, Олимпиада өту барысында фото және бейнетүсірілімді жариялауға

    24. Олимпиаданың ашықтығы мен академиялық адалдығын сақтау үшін оны өткізу процессін онлайн режимінде қадағалау үшін бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз ету керек.

    5. Олимпиаданың қатысушылары

    1..Олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеңіне жаратылыстану-математика және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндері бойынша 9-11 сынып оқушылары қатысады. Олимпиадаға жоғарғы сынып бағдарламасынан жеткілікті деңгейде білімі болған жағдайда 7-8 сынып оқушылары қатысуға болады.

    2..Аудан, қала оқушыларының командасына жетекші ретінде тәжірибелі мектеп педагогтары, білім беру бөлімдерінің мамандары тағайындалады. Команда жетекшісіне Олимпиадаға қатысушылардың Олимпиада өтетін орынға дейін және қайтар жолдағы, Олимпиада барысындағы қауіпсіздігі мен денсаулығына толық жауапкершілік жүктеледі.

    3..Қатысушы осы тәртіпті (немесе) әрбір жалпы білім беретін пән бойынша олимпиаданы ұйымдастыруға және өткізуге бекітілген талаптарды бұзған жағдайда, Олимпиаданы ұйымдастырушының өкілі қатысушыны шеттету туралы акт жасай отырып, осы қатысушыны аудиториядан шығаруға құқылы.

    4. «Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі» пәні бойынша ұлты қазақ емес оқушылар қатысады (әкесінің ұлты қазақ болмауы тиіс), ұлты туу туралы куәлігі бойынша сәйкестендіріледі.

    6. Олимпиаданы қорытындылау және қатысушыларды марапаттау

    1..Олимпиада қорытындысы әр пән бойынша жеке есепте шығарылады. Жеңімпаздар екі турда жинаған балдар сомасы бойынша анықталады. Олимпиада қорытындысы бойынша әр команданың рейтингі анықталады.

    2.. I және II кезеңнің барлық қатысушыларына қатысқаны туралы сертификат беріледі ( жеке кабинеттен жүктеп алынады).

    3. II кезеңнің жүлдегерлері аудандық және қалалық білім бөлімдерінің дипломдарымен және грамоталарымен марапатталады.

    4..Олимпиададағы облыстық кезеңінің жеңімпаздар мен жүлдегерлер саны Олимпиадаға қатысушылардың жалпы санының 45% құрайды. Олимпиада жеңімпаздары I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталады.

    5. Рейтингке сәйкес командаларға «Үздік олимпиадалық команда» номинациясында жалпы командалық жүлделі орындар беріледі.

    6. Егер бірнеше қатысушы төменгі деңгейге сәйкес бірдей балл санын жинаған жағдайда, жүлдегерлер саны қазылар алқасының шешімі бойынша ұлғаяды.

    7. Қаржыландыру

    1..Іс-шараны қаржыландыру бекітілген сметаға сәйкес жүзеге асырылады.

    2..Олимпиада қатысушыларының жол шығыны, жетекшілердің іссапар шығыны жіберуші тарап есебінен төленеді.