8-9 сынып оқушылары үшін олимпиадаға дайындық бойынша бейіндік мектебін өткізу туралы

Дарынды балаларды анықтау және оларды дамыту, облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадаларға табысты  қатысуға дайындау мақсатында, дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 8-9 сынып оқушылары үшін олимпиадаға дайындық бойынша бейіндік мектеп (бұдан әрі – Бейіндік мектеп) өткізеді.

Бейіндік мектеп – бұл химия, математика және физика пәндерін тереңдетіп оқуға және әртүрлі деңгейдегі олимпиадаларға дайындалуға қызығушылық танытқан оқушылар үшін бірегей мүмкіндік. Оқыту барысында оқушылар жоғары оқу орындарының тәжірибелі ұстаздарымен арнайы оқу материалдарына, бірегей оқыту әдістемелеріне қол жеткізеді.

Бағдарламада аясында:

— химия, математика және физика пәндері бойынша қарқынды сабақтар;

— олимпиадаларға арналған сынақтар өткізу және тапсырмаларды талдау;

— зертханаларда практикалық сабақтар өткізу;

— бақылау сынақтарының нәтижелері бойынша квотасыз облыстық олимпиадаларға қатысу.

Бейіндік мектеп 2025 жылдың 1 қазаннан 2026 жылдың 30 мамыр айына дейін өткізіледі. Сабақтар аптасына 1 рет 120 минуттан (екі академиялық сағат) «Дарын» орталығында (Абай даңғылы, 21) өтеді.

Бейіндік мектепке оқу үшін 2025 жылдың 22 қыркүйекке дейін vk_daryn@mail.ru электронды поштасына берілген форма бойынша өтінім беру қажет:

Қатысушының аты-жөніСыныпАуысымПәнТуған күні, айы, жылыОқу орны, мекенжайы, телефоныОқыту тіліҮйінің мекенжайы, телефоныӘлеуметтік жағдайы (азқамтылған, көп балалы отбасы т.б.)
          

Орын саны шектеулі.

Бейіндік мектепте оқу ерікті және ақылы негізде жүргізіледі. Оқушыларды өз еркінен тыс Бейіндік мектепке қатысуға мәжбүрлеуге тыйым салынады. Бейіндік мектепке қатысу туралы шешімді оқушылар мен олардың ата-аналары (заңды өкілдері), мектептің қамқоршылық кеңесі қабылдайды.

Оқудың құны айына 16000 теңгені құрайды. Төлемді АҚ «Қазақстан Халық Банкі» (ШҚ ҒӘО «Дарын»), Каспий Банкі (ШҚО «Дарын»), АҚ «Центр Кредит Банкі» («Дарын» ғылыми-әдістемелік даму орталығы) қосымшалары мен терминалдары арқылы төлеуге болады.