2025 жылғы 09-12 қыркүйек аралығында Қарағанды қаласында «Алау» әскери-спорттық ойынының республикалық финалы өтті.
Ойынға Қазақстан Республикасының өңірлерінен 12-14 жас аралығындағы жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 7-8 сынып оқушыларының 20 командасы қатысты.
Шығыс Қазақстан облысының атынан облыстық кезеңнің жеңімпаздары — Алтай ауданының «С. Нұрмағанбетов атындағы орта мектебі» КММ командасы қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша ШҚО командасы жалпыкомандалық есепте IV орынды иеленді.
Қатысушыларды жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта табыстар мен жеңістер тілейміз!