2025 жылғы 10-11 қыркүйек күндері Қостанай қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК-ның ұйымдастыруымен техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) республикалық жарысы өткізілді.
Жарысқа республиканың жалпы орта және қосымша білім беру мекемелерінен жалпы саны 180 оқушы қатысты.
Шығыс Қазақстан облысынан облыстық кезеңнің 8 жеңімпазы қатысты.
Республикалық кезеңнің қорытындысы бойынша Өскемен қаласының «Жас техниктер станциясы» КМҚК-ның білім алушысы, Зайсан ауданының «М.В. Ломоносов атындағы орта мектебі» КММ-нің 6-сынып оқушысы Құрманғазы Айсұлу «Тікелей жүретін автотрассалық модельдер» номинациясы бойынша І орынға ие болды.
Айсұлуға диплом мен бағалы сыйлық табысталды.
Айсұлуды, оның жетекшісі мен ата-анасын шын жүректен құттықтаймыз!