2025 жылғы 26 тамыз күні Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің ұйымдастыруымен «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы» РМҚК-нің базасында «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбындағы педагогтердің республикалық тамыз конференциясы аясында «Біз бірге жасаған жаз: сабақтар, қорытындылар және болашаққа бағдарлар» панельдік секциясы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – 2025 жылғы жазғы науқанның қорытындысын шығару, балалардың қауіпсіздігін, денсаулығын сақтау, тәрбиелеу және сауықтыру мәселелерінде ведомствоаралық өзара іс-қимылды талқылау, 2026 жылға арналған бағдарларды анықтау.
Панельдік секцияға ҚР Оқу-ағарту министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, Денсаулық сақтау министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің, ҮЕҰ, облыстық білім беру басқармаларының, білім бөлімдерінің жазғы демалыс бойынша жауапты өкілдері, бейіндік, мектеп жанындағы балалар лагерьлерінің директорлары мен қызметкерлері қатысты.
Шығыс Қазақстан облысынан Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы директорының қосымша білім беру жөніндегі орынбасары
Уразаева Кунжан Октябриновна «Табиғат арқылы тәрбиелеу: экоауысым өміршеңдік пен патриотизм кеңістігі ретінде» тақырыбындағы баяндамасымен сөз сөйледі.