Шығыс Қазақстан облысының оқушылары 2025 жылдың 14 мен 20 маусым аралығында Қостанай қаласында өткен өрт-құтқару спортынан жасөспірімдер арасындағы ХІV жазғы чемпионатына қатысты. Чемпионатқа республиканың түкпір-түкпірінен 17 команда қатысты.
Чемпионаттың мақсаты — өрт сөндіруші және құтқарушы мамандығын дәріптеу, Қазақстан Республикасында өрт сөндіру-құтқару спортын дамыту, өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорттық шеберлігін арттыру, белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру, өскелең ұрпақтың кәсіби бағдарын қалыптастыру, балалардың, жасөспірімдер мен жастардың денсаулығын сақтау және нығайту.
Өрт-құтқару спорты бойынша чемпионатында ШҚО құрама командасы жалпыкомандалық І орынға ие болды.
Жеке есепте кедергілері бар 100 м жолақты өтуде:
— аға топта І орынды Радмир Кәрімов;
— орта топта ІІ орынды Артём Виноградові;
— орта топта ІІІ орынды Никита Боков иеленді.
Жеке есепте шабуыл сатысымен көтерілу:
— аға топта І орынды Радмир Кәрімов;
— орта топта І орынды Никита Боков;
— орта топта ІІ орынды Виноградов Артём иеленді.
Чемпионат нәтижелері бойынша Каримов Радмир, Боков Никита, Виноградов Артем және Чупракова Анна ҚР жасөспірімдер құрамасының құрамына кірді және ағымдағы жылдың тамыз айында Мордовия Республикасының Саранск қаласында (Ресей Федерациясы) өтетін әлем чемпионатында біздің еліміздің намысын қорғайтын болады.
Спортшыларымызды лайықты жеңісімен құттықтаймыз!