Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы ШҚО Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасымен, ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен, ШҚО Төтенше жағдайлар департаментімен, ШҚО Полиция департаментімен және ШҚО «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жазғы кезеңде облыс аумағында жұмыс істейтін күндізгі балалар лагерлерін ұйымдастырушылары үшін ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.
Кездесудің мақсаты – кәсіпкерлік субъектілері мен мүдделі тараптарға заңнама талаптарына сәйкес тиісті рұқсат құжаттарын алу қажеттілігі туралы ақпаратты жеткізу.
Кездесу барысында келесі мәселелер талқыланды:
- балаларға арналған күндізгі лагерьлердің қызметін жүзеге асыру үшін рұқсат алу алгоритмі;
- санитарлық-гигиеналық нормалар мен талаптарды сақтау;
- балалардың уақытша орналасу объектілерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- лагерьлерде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау шаралары.
Іс-шараны өткізу балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру үшін қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз етуге, сондай-ақ ұйымдастырушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.