Шығыс Қазақстан облысы әкімінің дарынды оқушылармен кездесуі

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай дәстүрлі түрде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Аманұлы Сақтағановпен дарынды оқушылардың кездесуі өтті.

Кездесуге беделді халықаралық, республикалық зияткерлік олимпиадалар мен шығармашылық конкурстардың, спорт жарыстарының жеңімпаздары — дарынды оқушылар шақырылды.

Ағымдағы оқу жылында Шығыс Қазақстан облысының оқушылар командасы біздің өңірді беделді халықаралық және республикалық іс-шараларында лайықты дәрежеде көрсете білді. Оқушыларымыз 185 медальді жеңіп алды, оның ішінде 22 алтын, 67 күміс және 96 қола.

Жаратылыстану-математика пәндері бойынша оқушыларға арналған республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша облыс командасы «Үздік олимпиадалық команда» номинациясы бойынша республикалық үздік үштікке енді.

Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының командасы жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша республикада үздік деп танылып, ІI-дәрежелі дипломмен марапатталды.

Дарынды оқушыларымыз Қазақстан Республикасы Ұлттық зияткерлік команда құрамында Өзбекстан мен Түркия елдерінде өткен халықаралық жарыстарға қатысты.

Кездесу барысында Нұрымбет Аманұлы талантты жастарды жоғарғы жетістіктерімен құттықтап, алға қойған мақсаттарына жетулеріне тілектестігін білдірді. Ол өз сөзінде дарынды жастар кез келген мемлекеттің мақтанышы және болашақ олардың білімі мен жаңа идеяларына байланысты екенін, ал балалардың жетістіктері облыстың имиджі мен беделін қалыптастырады деп атап өтті.

Кездесу ашық диалог форматында жалғасты, оқушылар аймақ басшысына өздері қол жеткізген жетістіктері мен алдағы жылға жоспарлары туралы ойларын айтты. Алған әсерлерімен бөліскен балалар жасалып жатқан жағдайға ризашылықтарын білдіріп, өздеріне артылған үміттерді ақтау үшін лайықты білім алып, еңбектенуге уәде етті.

Кездесу аясында республикалық және халықаралық конкурстарының жүлдегерлерінің жетістіктер көрмесі ұйымдастырылды.

Кездесуге қатысушылар алдында музыка мектебінің оқушылары – республикалық және халықаралық шығармашылық байқаулардың лауреаттары өнер көрсетті.

Дарынды балаларға облыс әкімінің атынан грамоталар мен ақшалай сертификаттар табыс етілді.