«Бояулар құпиясы» жас суретшілердің облыстық шығармашылық байқауының ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан  ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Бояулар құпиясы» жас суретшілердің шығармашылық байқауының облыстық кезеңін өткізді.

Байқаудың мақсаты — білім алушылардың көркемдік, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың кәсіби бағдарлануын ынталандыру.

Байқауға жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 12-17 жас аралығындағы аудандық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздары қатысты.

Қатысушылардың жұмыстары келесі номинациялар бойынша ұсынылды:

— «Қазақстан бояулары: Менің шаңырағым – Қазақстан Республикасы»;

— «Тірі ғаламшар»;

— «Бейбітшілік пен мейірімділік біздің қолымызда».

Жүлдегерлер І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады, қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Облыстық кезеңнің ең жоғары балл жинаған жеңімпаздары  байқаудың республикалық кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының атынан қатысады.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт пен сәттілік тілейміз!