Жалпы білім беретін ұйымдардың оқушылары арасындағы аймақтық «Кәмен оқулары» байқауының қорытындысы

2025 жылдың 16 мамыр күні Абай облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылындағы көрнекті халық жазушысы, майдангер, ұстаз Кәмен Оразалин атындағы көркемсөз шеберлерінің аймақтық «Кәмен оқулары» байқауы өтті.

Байқау үш номинация бойынша өткізілді:

  •  «Әдебиет қоғамның айнасы»;
  •  «Абай ауылына саяхат»;
  •  «Жазушы Кәмен Оразалиннің шығармалары».

Байқау қорытындысы бойынша Зайсан ауданының «Х. Мұстафина атындағы мектеп-лицейі» КММ-нің 9 сынып оқушысы Қуанышұлы Нуриддинаймақтық «Кәмен оқулары» байқауына белсене қатысқаны үшін сертификатпен және ынталандыру сыйлығы ретінде планшетпен марапатталды.

Нуриддин мен оның жетекшісін және ата-анасын жетістігімен құттықтаймыз!