Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) республикалық жарысының облыстық кезеңінің қорытындысы

2025 жылы 28 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) республикалық жарысының облыстық кезеңін өткізді.

Жарыстың мақсаты: облысымызда балалардың техникалық шығармашылығын дамыту, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру, білім алушылардың өзін — өзі кәсіби анықтауы үшін жағдай жасау.

Жарысқа аудандық, қалалық жарыстардың жеңімпаз командалары – облыстың жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысты.

Жарыстар келесі модельдердің кластары бойынша өткізілді:

1. Радиомен басқарылатын көлік модельдері

2. Тікелей жүретін автотрассалық модельдеу

3. Әуе модельдері

4. Кеме модельдері

5. Зымыран модельдері

Жарыс қорытындысы бойынша 27 оқушы жүлдегер атанды, І орын – 9, ІІ орын – 9, ІІІ орын – 9. Жеңімпаздар жарыстың республикалық кезеңіне қатысады.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт пен сәттілік тілейміз!