Ағылшын тілі және неміс тілі пәндері бойынша Республикалық олимпиаданың қорытындысы

2025 жылғы 21 мен 25 сәуірі аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылар командасы Көкшетау қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадасына ағылшын тілі, неміс тілі пәндерінен қатысты.

Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері — оқушының жеке тұлға ретінде өзін-өзі қалыптастыруда шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларын тереңдетуін жүзеге асыруына ықпал ету, дарынды балаларды анықтауға жағдай жасау.

Олимпиаданың қорытынды кезеңіне облыстық кезеңнің жеңімпаздары қатысты.

Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ІІ дәрежелі дипломмен және күміс медальмен Өскемен қаласындағы №12 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Сарманова Айсулу (неміс тілі) марапатталды.

ІІІ дәрежелі дипломмен және қола медальмен:

  •  Бакишева Софья — Өскемен қаласындағы №12 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы (неміс тілі);
  •  Кузнецов Андрей — Өскемен қаласындағы №12 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы (неміс тілі);
  • Тоқтағали Айдана.-.дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 10 сынып оқушысы (ағылшын тілі).

Олимпиадаға қатысушылар үшін Көкшетау қаласында спорттық іс-шаралар, психологиялық тренингтер, экскурсиялар ұйымдастырылды.

Республикалық олимпиаданың жүлдегерлері мен жеңімпаздарын, олардың ата-аналары мен ұстаздарын жеңістерімен құттықтаймыз!