7-8 сынып оқушылары арасында химия және биология пәндері бойынша «KERUEN SCIENCE» республикалық олимпиадасының қорытындысы

2025 жылдың 16-18 сәуірі аралығында Астана қаласында 7-8 сынып оқушылары арасында химия және биология пәндері бойынша «KERUEN SCIENCE» республикалық олимпиадасы өтті.

Олимпиаданың мақсаты – химия, биология пәндерін тереңдетіп оқуға оқушылардың қызығұшылықтарын арттыру, олимпиадаларға дайындық жүйесін жоғары деңгейде жетілдірі, олимпиадалық резервті қалыптастыру, математикаға дарынды оқушыларды анықтау, қолдау және ынталандыру.

Олимпиада қорытындысы бойынша II дәрежелі дипломмен және күміс медальмен Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 7 сынып оқушысы Акилжан Богдан (химия) марапатталды.

III дәрежелі дипломмен қола медальмен Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 8 сынып оқушысы Айнабеков Денис (химия) марапатталды.

Олимпиаданың жүлдегерлері мен жеңімпаздарын, олардың ата-аналары мен ұстаздарын жеңістерімен құттықтаймыз!