Қазақстан тарихы және құқық негіздері пәндері бойынша Республикалық олимпиаданың қорытындысы

2025 жылғы 14 мен 18 сәуірі аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылар командасы Қызылорда қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадасына Қазақстан тарихы, құқық негіздері пәндерінен қатысты.

Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері — оқушының жеке тұлға ретінде өзін-өзі қалыптастыруда шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларын тереңдетуін жүзеге асыруына ықпал ету, дарынды балаларды анықтауға жағдай жасау.

Олимпиаданың қорытынды кезеңіне облыстық кезеңнің жеңімпаздары қатысты.

Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ІІІ дәрежелі дипломмен және қола медальмен Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы Марат Ахмед (Қазақстан тарихы) марапатталды.

Олимпиадаға қатысушылар үшін Қызылорда қаласында спорттық іс-шаралар, психологиялық тренингтер, экскурсиялар ұйымдастырылды.

Ахмедті, оның ата-анасы мен ұстаздарын жеңістерімен құттықтаймыз!