Ұлттық Мектеп лигасының облыстық кезеңі аясында Өскемен қаласында №37 көпбейінді орта мектебінің базасында5-6 сынып оқушылары арасында баскетболдан «Алтын доп» жарысы өтті. Жарысқа аудан мен қалалардан 7 команда қатысты.
Мақсаты — оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болған командалар:
Ұлдар:
І орын – Өскемен қаласы, «Ы. Алтынсарин атындағы №39 орта мектебі» КММ;
ІІ орын – Алтай ауданы, «Алтай қаласының мектеп-лицейі» КММ;
ІІІ орын – Глубокое ауданы, «Быструха орта мектеп — балабақша кешені» КММ.
Қыздар:
І орын – Алтай ауданы, «Алтай қаласының мектеп-лицейі» КММ;
ІІ орын – Глубокое ауданы, «Ы.Алтынсарин атындағы Глубокое орта мектебі» КММ;
ІІІ орын – Өскемен қаласы, «№26 орта мектебі» КММ.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубоктармен, дипломдармен және медальдермен марапатталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жоғары нәтижелерімен құттықтаймыз!