2025 жылғы 16 сәуір күні Қызылорда қаласында Ақмешіт қаласының Қазақ АКСР-ның алғашқы астанасы мәртебесін алып, Қызылорда атанғанына 100 жыл толуына орай дәстүрлі «Көктем нұры – 2025» республикалық оқушылар айтысы өтті.
Айтыс екі кезеңде өткізілді:
І кезең – алдын-ала белгіленген жұптар айтысы;
ІІ кезең – қазылар алқасының шешімімен ұйғарылған жұптар айтысы.
Айтыс қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының Абай атындағы № 33 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Силамбек Руслан Махамбетқали Тұрсанов атындағы «Түре айтыстың тарланы» жүлдесімен марапатталып, ақшалай сыйлыққа ие болды.
Руслан мен оның жетекшісін және ата-анасын жетістігімен құттықтаймыз!