Орыс тілі мен әдебиеті және қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі пәндері бойынша Республикалық олимпиаданың қорытындысы

2025 жылғы 7 мен 11 сәуірі аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылар командасы Қарағанды қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадасына орыс тілі мен әдебиеті және қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі  пәндерінен қатысты.

Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері — оқушының жеке тұлға ретінде өзін-өзі қалыптастыруда шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларын тереңдетуін жүзеге асыруына ықпал ету, дарынды балаларды анықтауға жағдай жасау.

Олимпиаданың қорытынды кезеңіне облыстық кезеңнің жеңімпаздары қатысты.

Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ІІ дәрежелі дипломмен және күміс медальмен Өскемен қаласындағы №10 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы (орыс тілі мен әдебиеті) Сидоренко Кира марапатталды.

ІІІ дәрежелі дипломмен және қола медальмен Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы Дәулетқанов Сырым (қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі) марапатталды.

Олимпиадаға қатысушылар үшін Қарағанды қаласында спорттық іс-шаралар, психологиялық тренингтер, экскурсиялар ұйымдастырылды.

Республикалық олимпиаданың жүлдегерлері мен жеңімпаздарын, олардың ата-аналары мен ұстаздарын жеңістерімен құттықтаймыз!