Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, 2025 жылғы 23 сәуірде Өскемен қаласында 2-11 сынып оқушылары арасында шахматтан республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі (бұдан әрі – Олимпиада) өтеді.
Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері: білім алушылар арасында
шахматты насихаттау, олардың шеберлігін арттыру, білім алушылардың
зияткерлік қабілеттерін дамыту, Шығыс Қазақстан облысында шахмат бойынша
үздік оқушыларды анықтау.
Олимпиада қатысушылары: Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін мектептерінің 2-11 сынып оқушылары.
Жас тобы | Ұлдар саны | Қыздар саны |
2-4 сынып | 1 | 1 |
5-8 сынып | 2 | 2 |
9-11 сынып | 2 | 2 |
Барлығы: | 5 | 5 |
Олимпиада үш кезеңде өткізіледі:
Бірінші кезең (мектеп біріншілігі) — мектепішілік жарыстар (2025 жылғы 18 сәуірге дейін).
Екінші кезең (аудан біріншілігі) – қалалық және аудандық жарыстар (2025 жылғы 18 сәуірге дейін).
Үшінші кезең (облыс біріншілігі) – облыстық жарыстар (2025 жылғы 23 сәуір, Өскемен қаласы).
Олимпиаданың бірінші (мектеп біріншілігі) және екінші (аудан біріншілігі) кезеңдерін өткізу мерзімдері мен форматы аудандық (қалалық) білім бөлімдері басшыларының, білім беру ұйымдары директорларының бұйрықтарымен анықталады.
Командалардың облыстық жарыстарға қатысуынаөтінімдер (1-қосымша) және мектепішілік, аудандық/қалалық іріктеу кезеңдерін өткізу бойынша есеп (2-қосымша) аудандық/қалалық білім бөлімдерінің басшыларының, облыстық білім мекемелерінің директорларының қолымен 2025 жылғы 18 сәуіріне дейін е-mail: vk_ocfk@mail.ru қабылданады.