Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы бастауыш сынып оқушыларының облыстық «Балдырған» олимпиадасы (бұдан әрі – Олимпиада) өткізілетіндігін хабарлайды.
Олимпиада ІІ кезеңде өткізіледі:
— бірінші кезең — аудандық/қалалық (2025 жылғы сәуір айының үшінші онкүндігі);
— екінші кезең — облыстық (16 мамыр 2025 жыл).
Олимпиада қатысушылары жалпы білім беретін мектептердің және мамандандырылған білім беру мекемелерінің 3, 4 сынып оқушылары (оқу тіліне қарамастан). Олимпиада қазақ тілі, орыс тілі, математика, дүниетану және жаратылыстану пәндерінен өткізіледі.
Команда бекітілген квота бойынша 10 оқушы және 1 жетекшіден құралады (қосымша 1).
Олимпиадаға қатысу үшін білім беру ұйымы басшысының қолымен, мөрімен бекітілген аудандық/қалалық білім бөлімдерінен жіберілген өтінім (қосымша 2) ағымдағы жылдың 5 мамырына дейін vk_daryn@mail.ru поштасына қабылданады.
Қосымша ақпаратты 8(7232)700-244 нөмірінен алуға болады.