«INFOMATRIX – ASIA — 2025» ІТ- жобалары бойынша халықаралық конкурсқа қатысу қорытындысы

2025 жылдың 28 наурызымен 1 сәуірі аралығында облысымыздың оқушылары «INFOMATRIX-ASIA-2025» ІТ-жобалары бойынша халықаралық байқауға қатысты.

Байқаудың мақсаты: ақпараттық технологиялар саласындағы ғылыми зерттеулерге қызығушылық танытқан дарынды жастарды анықтау және дамыту.

Байқау 9 секция бойынша өткізілді: робототехника — жасанды интеллект бағдарламалау, жасанды интеллект хакатоны, компьютерлік өнер, аппараттық басқару, қысқаметражды фильмдер, қолданбалы ғылым, Arduino хакатоны, LEGO эстафетасы, стартап жобалары.

Халықаралық байқаудың қорытындысы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен және күміс медальдармен:

Итикенова Аделя — дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 11 сынып оқушысы;

Шарипов Ералы — дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 11 сынып оқушысы;

Жансолтан Ержан — дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 8 сынып оқушысы;

Омар Жанболат — Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 9 сынып оқушысы;

Ережепұлы Еларыс — Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 9 сынып оқушысы;

Сташков Денис  — Үлкен Нарын ауданы, Үлкен Нарын ауылдық  лицейінің 10 сынып    оқушысы;

Бочкарев Илья — Үлкен Нарын ауданы, Үлкен Нарын ауылдық  лицейінің 10 сынып оқушысы.

ІІІ дәрежелі дипломмен  және қола медальдармен:

Маханбет Нұрдәулет — Өскемен қаласы, «Нұрорда» мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы;

Майркан Рамазан — Өскемен қаласы, «Нұрорда» мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы;

Исатаев Алишер — Өскемен қаласы, «Нұрорда» мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;

Полат Эфе Джан — Өскемен қаласы, «Нұрорда» мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы;

Попова Мария — Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы;

Дюсупов Алишер — Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы марапатталды.

Алматы Энергетика және байланыс университетінің гранты Үлкен Нарын ауданы, Үлкен Нарын ауылдық  лицейінің 10 сынып оқушылары Сташков Денис пен Бочкарев Ильяға берілді.

Халықаралық байқаудың жүлдегерлерін, олардың ата-аналарын және мұғалімдерін құттықтаймыз! Жаңа жеңістер тілейміз!