Республикалық «Махамбет оқулары» байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы

2025 жылғы 14 наурызда Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы №39 орта мектебі» базасында жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Махамбет оқулары» байқауының облыстық кезеңі өткізілді.

Байқаудың мақсаты — мектеп оқушылары арасында Махамбеттің ұлтына ұран болған рухы биік туындыларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамыту, тарихи санасы мен танымдарын қалыптастыру.

Махамбет оқулары 5 номинация бойынша өткізілді:

— «Ұлы арман» — Махамбет шығармаларына иллюстрациялық суреттер салу;

— «Ел құтқарар ер едім…» — Махамбет шығармаларын жатқа оқу;

-.«Шашақты найза, шалқар күй» — Махамбет күйлерін орындау;

-.«Тартынбай сөйлер асылмын…» — жас ақындардың өз туындыларын мәнерлеп оқу;

— «Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер» — «Хандар мен ел билеушілер», «Батырлар» тақырыбының бірін қорғау.

Байқау қорытындысы бойынша дипломдармен: І орын – 5, ІІ орын – 8, ІІІ орын – 8 қатысушы марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Барлық қатысушыларға сәттілік, жаңа табыс тілейміз!