2025 жылғы 5 наурызда Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы базасында шахматтан «Ақбозат» 9-11 сынып оқушылары арасында Ұлттық Мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.
Мақсаты — оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болған командалар:
І орын – «Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі;
ІІ орын – ««Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ;
ІІІ орын – Тарбағатай ауданы «С.Көбеев атындағы мектеп-балабақшасы кешені» КММ.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Алдағы уақытта табыстар мен жетістіктер тілейміз!