Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2025 жылдың 17-18 сәурінде «Алтын қазына» республикалық көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының облыстық кезеңін қашықтықтан өткізетінін (бұдан әрі – Көрме-байқау) назарларыңызға салады.
Көрме-байқауға жалпы және орта, қосымша білім беру ұйымдарының 11-17 жастағы оқушылары қатыса алады.
Осыған орай, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдері басшыларының қолы қойылған Көрме-байқауға қатысуға өтінімді konkurs.vko@mail.ru электрондық мекенжайына 2025 жылдың 07 сәуріне дейін жіберу қажет.