Қ. Нұрғалиевтың 100 жылдығына арналған 5-6 сынып оқушылары арасында тоғызқұмалақтан Ұлттық Мектеп лигасының облыстық кезеңінің қорытындысы

2025 жылғы 4 наурызда Жас техниктер станциясының базасында 5-6 сынып оқушылары арасында тоғызқұмалақтан Ұлттық Мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.

Мақсаты — оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.

Ойын Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті бекіткен «Тоғызқұмалақ қағидасы мен ережесіне» сәйкес өткізілді.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болған командалар:

І орын – Өскемен қаласы, «№14 негізгі орта мектебі» КММ;

ІІ орын – Ұлан ауданы, «М. Ломоносов атындағы орта мектебі» КММ;

ІІІ орын – Глубокое ауданы, «Жаңа Ертіс орта мектебі» КММ.

Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!