2025 жылғы 23 ақпаны мен 4 наурызы аралығында Астана қаласында «Edlight Academy» базасында химия, математика, информатика пәндері бойынша Республикалық олимпиадаға қатысушылар үшін оқу-жаттығу жиындары өткізілді.
Оқу-жаттығу жиынының негізгі мақсаты — облыстың олимпиадалық резерв мүшелерін республикалық олимпиадаға дайындау, олимпиадалық есептерді шешу бойынша тренинг жүргізу және жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша практикум орындау.
Бағдарламада пәндер бойынша сабақтар мен емтихандарды талдау, сондай-ақ қатысушылардың өзін-өзі дайындауы және бос уақытты өткізу шаралары бар.
Оқу-жаттығу жиыны кезінде даярлықты республикалық және халықаралық олимпиадалардың бірнеше мәрте жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған республиканың үздік жаттықтырушылары, өткен жылдардағы республикалық, халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері жүргізді.
Оқу-жаттығу жиыны кезінде қатысушылар олимпиадалық тапсырмаларды шешіп, өз білімдерін, дағдыларын бекітті. Оқушылар үшін алда жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиада күтілуде.
Олимпиаданың ақтық кезеңіне қатысушыларға сәттілік пен жеңістер тілейміз!