2025 жылғы 25-28 ақпан аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылар командасы Атырау қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсының қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша қорытынды кезеңіне қатысты.
Конкурс оқушылардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету, талантты және дарынды зерттеушілерді іріктеу және қолдау мақсатында өткізілді.
Конкурста еліміздің барлық өңірлерінен 300-ден астам оқушы 6 секция бойынша бақ сынады.
Конкурстың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ІІ дәрежелі дипломдармен және күміс медальдармен марапатталды:
— Есеньгелды Амир – Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы (тіл білімі (орыс тілі);
— Сақан Арман – Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы (тіл білімі (орыс тілі).
ІІІ дәрежелі дипломдармен және қола медальдармен марапатталды:
— Идаятов Расул – дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаттың 11 сынып оқушысы (әдебиет (қазақ);
— Қабылқан Мәди – дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 10 сынып оқушысы (тарих);
— Амангелдыева Аделя – дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 10 сынып оқушысы (тарих);
— Нұрбеков Мәди – Өскемен қаласы, О. Бөкей атындағы №44 лицейінің 10 сынып оқушысы (өлкетану);
— Ержанұлы Ерасыл – дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаттың 11 сынып оқушысы (этномәдениеттану).
Республикалық ғылыми жобалар конкурсында ерекше жетістігі үшін ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасымен:
— Логейко Михаил – дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы (тіл білімі (ағылшын тілі);
— Первутинская Анастасия – Риддер қаласы, №1 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы (әдебиет (орыс).
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Жоғары жетістіктер тілейміз!