Оқушылардың облыстық ғылыми-практикалық «Ғылым және практика: болашақ көкжиектері» конференциясын өткізу туралы

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, 2025 жылдың 15 мамырында Өскемен қаласында оқушыларға арналған «Ғылым және практика: болашақ көкжиектері» облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясын (бұдан әрі – Конференция) өткізу жоспарлауда.

Конференцияның негізгі мақсаты – Шығыс Қазақстан облысының дарынды, қабілетті, шығармашыл және бастамашыл оқушыларын анықтау; оқушылардың зерттеу құзыреттіліктерін қалыптастыру; оқушылардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру.

Конференцияға Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін мекемелері мен қосымша білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары қатысуға шақырылады.

Конференция секциялары:

1. Математика және жаратылыстану ғылымдары (физика, химия, биология, география, астрономия);

2. Техникалық ғылымдар;

3. Ақпараттық технологиялар;

4. Экономика, қаржы, бизнес;

5. Гуманитарлық ғылымдар ;

6. Мәдениеттану және өнертану;

7. Спорт және туризм.

Конференция шаралары:

  1. 2-7 сынып оқушыларына арналған «Зерде» облыстық зерттеу және шығармашылық жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің жобалар көрмесі;
  2. Пленарлық отырыс;
  3. Секциялық жұмыстар;
  4. Қорытынды шығару. Резолюция қабылдау. Конференцияға қатысу туралы сертификаттар табыстау.

Конференция қатысушыларының жұмыстары мақала түрінде рәсімделеді.

Баяндама жасау үшін қатысушылар электронды презентация, көрнекі материалдар: макеттер, плакаттар, бұйымдар және т.б. дайындай алады. Жұмысты таныстыруға қатысушыларға 7 минутқа дейін уақыт беріледі (5 минут – баяндама, 2 минут – талқылау).

Конференция қорытындысы бойынша «Ғылым және практика: болашақ көкжиектері» облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары атты электрондық жинақ жарық көреді. Жинақта мақала жариялау – қатысушының қалауы бойынша, ақылы негізде жүзеге асырылады. Мақаланы жариялау үшін жарна төлеу (2000 теңге) конференцияның есепшотына қолма-қол ақшасыз аудару арқылы жүргізіледі. Төлем реквизиттері №3 қосымшада көрсетілген.

Конференцияға қатысуға өтінімдер (№1 қосымша) 2025 жылғы 1 сәуірге дейін vk_daryn@mail.ru электрондық поштасына қабылданады (хат тақырыбында: «Конференцияға өтінім А.Т.Ә.» деп көрсету қажет). Өтінімге мақала қоса тіркелуі тиіс (№2 қосымша).

Мақаласыз және белгіленген мерзімнен кейін жіберілген өтінімдер қабылданбайды. Қатысушыларды, ғылыми жетекшілерді және баяндама тақырыбын өзгертуге жол берілмейді.

Конференция өтетін орынға келген кезде Ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттар тапсырылады:

  1. белгіленген үлгідегі қатысу өтінімінің түпнұсқасы;
  2. Конференция қатысушыларын жіберу және жауапты өкілдерді бекіту, сондай-ақ техника қауіпсіздігін сақтау, қатысушылардың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету туралы аудандық/қалалық білім бөлімінің бұйрығының көшірмесі.