2025 жылдың 26-29 қараша күндері Шығыс Қазақстан облысының оқушылары Астана қаласында өткен III Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша республикалық олимпиадаға қатысты.
Олимпиаданың мақсаты – ауыл мектептеріндегі оқушылардың дарындылығы мен қабілеттерін анықтау, дамыту және қолдау, академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу, оларға одан әрі зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдар беру үшін оңтайлы жағдай жасау.
Олимпиада төрт кезеңде өткізілді: мектепішілік, аудандық, облыстық, республикалық.
Қорытынды кезеңде облысымыздың намысын іріктеу кезеңнің жүлдегерлері қорғады.
Олимпиада екі айналымнан тұрды: теориялық және тәжірибелік.
Олимпиада қорытындысы бойынша облысымыздың жетістіктер қоржыны 8 медальмен толықты.
ІІ дәрежелі дипломдар мен және күміс медальдармен:
Глубокое ауданы Ы. Алтынсарин атындағы Глубокое орта мектебінің 9-сынып оқушысы Сағын Данияр (биология);
Глубокое ауданы Ы.Алтынсарин атындағы Глубокое орта мектебінің 10-сынып оқушысы Шерудилло Кирилл (биология);
Күршім ауданы Н. Островский атындағы №4 Күршім орта мектебінің 9 сынып оқушысы Немыкин Максим (география);
Глубокое ауданы Тарханка орта мектеп-балабақша кешенінің 10 сынып оқушысы Рябушкин Семён (география);
ІІІ дәрежелі дипломдармен және қола медальдармен:
Тарбағатай ауданы Қ. Билялов атындағы мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Данияр Талшын (химия);
Тарбағатай ауданы Қ.Билялов атындағы мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Алдабергенова Диана (химия);
Өскемен қаласы Ахмер орта мектебінің 10 сынып оқушысы Нұржанқызы Нұрай (биология);
Глубокое ауданы Ы. Алтынсарин атындағы Глубокое орта мектебінің 9-сынып оқушысы Байбулатов Вадим (биология) марапатталды.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасымен:
Глубокое ауданы Ы.Алтынсарин атындағы Глубокое орта мектебінің 11-сынып оқушысы Чугунов Владислав( биология);
Шемонаиха ауданы И.Астафьев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 9- сынып оқушысы Карпачев Руслан (география);
Шемонаиха ауданы И.Астафьев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 10- сынып оқушысы Раймгужинов Дияр Руслан(география) марапатталды.
Олимпиада жүлдегерлерін, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз! Жоғары жетістіктер мен табыстар тілейміз!