«Ақберен» республикалық өнер байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы

2025 жылғы 15 қазанда Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №11 мектеп-лицейінің базасында жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Ақберен» республикалық өнер байқауының облыстық кезеңі өткізілді.

Байқаудың мақсаты – 8-11 сыныптың шығармашыл оқушыларының гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауда шығармашылық қабілетін, өлең жазуын, тапқырлық қырын, дарынын танытуға қолдау көрсетіп, ары қарай дамуына жол ашу

«Ақберен» республикалық өнер байқауы 6 номинация бойынша өткізілді:

  1. Шешендік, білгірлік сайысы;
  2. Көркемсөз оқу;
  3. Эссе жазу;
  4. Ұлттық аспапта өнер көрсету;
  5. Ақындар айтысы;
  6. Ақындар мүшәйрасы.

Байқау қорытындысы бойынша дипломдармен: І орын – 6, ІІ орын – 13, ІІІ орын – 16 қатысушы марапатталды.

Командалық есеп бойынша Өскемен қаласының командасы І орынды, ал ІІ орынды дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты иеленді.

Барлық жеңімпаздар дипломдармен, қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

Облыстық кезеңнің бірінші орын алған жеңімпаздары Шығыс Қазақстан облысының атынан байқаудың республикалық кезеңіне қатысады.

Барлық қатысушыларға сәттілік, жаңа табыс тілейміз!