2025 жылғы 4-13 тамыз аралығында ШҚО аумағында «Қазақстан оқушысы» ХХХХХV халықаралық көпкүндік веложарысы өтті.
Мақсаттары мен міндеттері: Қазақстан Республикасында балалар мен жасөспірімдер спортын насихаттау және дамыту, мектеп жасындағы балаларды дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға баулу, салауатты өмір салтын насихаттау, моральдық-ерік-жігерлі, эстетикалық-адамгершілік, патриоттық қасиеттерді тәрбиелеу, еліміздің құрама командаларының резервін қалыптастыру үшін дарынды велосипедшілерді анықтау, Қазақстан Республикасының аймақтарында спорттың даму деңгейін айқындау.
Жарысқа Өзбекстан Республикасының, Қазақстан Республикасы облыстарының, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының 100-ге жуық жас спортшылары (2007-2008 жылы туған ұлдар) қатысты.
Жарыс әр түрлі деңгейдегі сегіз кезеңде өткізілді: 80 км топтық жарыс, 90 км топтық жарыс, 25 км жеке жарыс, 40 км айналма жарыс және т. б.
Веложарыс қорытындысы бойынша І, ІІ және ІІІ орын алған командалар естелік кубоктармен, дипломдармен және тиісті дәрежедегі медальдармен марапатталды.