Қабдеш Жұмаділовтің шығармашылығына арналған «Сұлу сөз, көркем ойдың кемеңгері» атты аймақтық байқауын өткізу туралы

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2025 жылғы қыркүйектің 3-ші онкүндігінде жалпы білім беретін ұйымдардың 8-10 сынып оқушылары арасында Қабдеш Жұмаділовтің шығармашылығына арналған «Сұлу сөз, көркем ойдың кемеңгері» атты аймақтық байқауы өткізілетіндігін хабарлайды.

Байқауға қатысу туралы білім бөлімдері басшыларының, мамандандырылған мектеп директорларының қолы қойылған өтінімдер 2025 жылғы 12 қыркүйеккке дейін konkurs.vko@mail.ru электронды поштасына қабылданады.

Байқаудың нақты өткізілу мерзімі және орны қосымша хабарланады.

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефоны: 8/7232/752691.