XXVI республикалық «Абай оқулары» шығармашылық конкурсының облыстық кезеңін өткізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамутудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2025 жылы 25 сәуірде XXVI республикалық «Абай оқулары» шығармашылық конкурсының облыстық кезеңін өткізеді.

Конкурсқа аудандық, қалалық кезеңдердің жеңімпаздары – облыстық жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының 8-11(12) сыныбының білім алушылары қатысады.

Осыған орай, қалалық, аудандардың білім бөлімдері басшыларының қолы қойылған конкурсқа өтінімдерді konkurs.vko@mail.ru электрондық мекенжайына 2025 жылдың 15 сәуіріне дейін жіберуді сұрайды.