+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12

Дарындылықты дамыту және қосымша оқытудың формалары зертханасы

Зертхананың негізгі мақсаты дарынды балалармен, олардың қабілеттерін есепке алумен жеке, кешенді жұмыс жүйесін құру, дарынды және оқытуға ынталы балаларға, олардың әрқайсысының жеке максималды нәтижелерге жетуі үшін қосымша мүмкіндіктер ұсыну.

1) зияткерлік конкурстар, олимпиадалар, ғылыми жоба жарыстарын ұйымдастыру және өткізу;

2) дарынды балаларды анықтау және дамыту бойынша Ғылыми мектептер, мәдени-танымдық, бейіндік ауысымдар, бұқаралық зияткерлік және шығармашылық конкурстар, марафондар, байқаулар мен оқулар және басқа шаралар ұйымдастыру және өткізу;

3) дарынды балалармен жұмыс бойынша педагогтарға арналған семинарлар, конференциялар, конкурстар өткізу;  

4) балаларды тәрбиелеу, сауықтыру және бос уақытын өткізу бойынша жұмысты ұйымдастыру;

5) әлеуетті дарынды балаларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту үшін қолайлы әлеуметтік мәдени орта құру.