+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі
24 Янв, 17:57

2019 жылдың 24 қаңтар күні Қызылорда қаласында Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының басшылығымен «Құндылыққа бағдар: тәрбие үдерісіндегі инновация» атты мамандандырылған білім беру ұйымдарының республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің ашылуы өтті.

Оқу-тәрбие үдерісінде инновациялық жобалар арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, өмірге бейімдеу, бәсекеге қабілетті, саналы азамтты тәрбиелеу мақсатында өткен кеңеске Шығыс Қазақстан облысының педагогтары қатысты.

Кеңеске қатысушылар үшін мамандандырылған білім беру мекемелерінің жетістіктер көрмесі, инновациялық идеялар жәрмеңкесі, «Ұлы дала дарындары» инновациялық жобалар фестивалі, Қызылорда қаласының мамандандырылған ұйымдарына экскурсиялар ұйымдастырылған.