+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 55-20-12
«Математикадан олимпиада есептерін шығару тәсілдері» республикалық оқу-әдістемелік семинарының қорытындысы
31 Окт, 16:17

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 2018 жылғы 24 қыркүйектегі №388/15-11-07 хатына сәйкес, 2018 жылдың 29-31 қазаны аралығында Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің базасында «Математикадан олимпиада есептерін шығару тәсілдері» атты математика пәні мұғалімдеріне арналған республикалық оқу-әдістемелік семинары өткізілді.

Семинардың мақсаты – мұғалімдердің кәсіби деңгейін дамытуға қолайлы жағдай жасау, оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметіне деген қызығушылығын және шығармашылық қабілеттерін дамыту, математикадан олимпиадаларға дайындаудың әдістемелік талаптарын және негізгі бағыттарын үйрету.

Семинарды Астана қаласы әкімдігінің дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінің математика пәні мұғалімі Тердікбай Күшай және Астана қаласы білім басқармасының №66 мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі Типан Сонгобай жүргізді.

Семинар бағдарламасында: теңсіздіктерді дәлелдеу, комбинаторика есептері, Дирихле принципін сандар теориясы және геометрияда қолданысы, рекуренттік қатынас, салыстырмалы қолданып шешілетін есептер, шеңбердің қасиеттерін пайдаланып, олимпиадалық есептерді шешу, салыстырылымды қолданып шешілетін есептер, әртүрлі логикалық есептерді шешу әдістемесі бойынша практикалық жұмыстар жүргізілді.

Семинарға білім беру ұйымдарының қазақ тілінде білім беретін математика пәнінің мұғалімдері шақырылып, облыстың жалпы білім беретін мектептерінің
71 педагогы қатысты. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.